Главная » Статьи » Қазақ тілі мен әдебиеті » 4-сынып

Интерактивті ойындар

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ИНТЕРАКТИВТІ ОЙЫНДАР

«Ғажайып алма» ойыны. Шарты: «Алма» деген сөзді қатыстырып, фантастикалық тіркестер құра. Сол фантастикалық тіркестерді құрастырып, шағын ертегі шығар.

«Жаңа атау» ойыны. Шарты: «тәрелке» деген сөзді пайдаланып, жер бетінде ешкім көрмеген, білмеген тың, жаңа фантастикалық заттардың күрделі атауын құрастыр. Сол атауды тақырып етіп фантастикалық шағын әңгіме құра.

«Сөз соңындағы ұйқас» ойыны. Шарты: екі команда бір-біріне кезекпен дайын ұйқас ұсынады. Қарсыластар сол ұйқастыпайдаланып, табан астында өлең шумақтарын шығаруға тиіс.

«Жұмбақ сәбіз» ойыны. (Сәбіз болуы шарт емес). Шарты: оқушылардың алдына ыдысқа салынып сәбіз әкілінеді. Сәбіз үстел үстіне қойылғаннан кейін тапсырма оқылады. Тапсырма: «Алдымен, сәбіздің қастиеті қандай, соны іштей саралап алып, сәбіздің ерекшелігін жұмбақ етіп жеткізуге тырысыңдар».

.5. «Сұрақ – жауап» ойыны. Шарты: оқушыға мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті мақалмен жауап беруі керек.
Мысалы, сұрақ:
- Қасқыр қарызынан қалай құтылады?
Жауап:
- Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады.
- Егін екпейтін кім?
- Кімнің көзі елу?
- Ең ардақты кім?
- Адамдықтың белгісі не?
- Надандықтың белгісі не?
- Бәрі қайда, жау қайда?

«Кездейсоқ сөйлем» ойыны. Шарты: газеттен, журналдан алынған басқы тақырыптар беріледі. Оқушы осы тақырыпшаларды сөйлемге біріктіреді. Ол сөйлем жеңіл күлкі тудыратындай юморға құрылуы керек.

«Диалог-ертегі» ойыны. Шарты: мұғалім не оқушы шығарып, кез келген бір әңгіме – ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: «Ертеде бір байдың еркетотай ұлы болыпты...» 1 – оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп адасып кетіпті...» десе, 2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті»... – міне осылай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

«Композиция» ойыны. Берілген әңгіменің композициялық құрылымы бұзылып, ондағы бөліктер жасанды түрде алмастырылған. Оқушы міндеті – композициялық бөліктері орны – орнына қойып, әңгіменің желісін бұрынғы қалпына келтіру.
Жасанды бұзылған мәтін:
«Айнұр мен қарт орындыққа келіп отырды. Болат олардың жанына таяды.
Ақыры Болат:
- Атаң ба? – деп сұрады қартты иегімен нұсқап.
- Иә, көрші тұрамыз, - деп Айнұр басын изеді. Болат Айнұрдың «Көрші тұрамыз» деген сөзіне қайран қалды. «Біреудің атасын «менің атам» дейді. Қызық.»
Осы кезде қария:
- Бұл қай бала? – деп құлағын тосты. Болат сасып қалып:
- Ассалаумағалейкум, ата – дейді дауыстап.
- Аман бол, балам. Көп жаса! – деді қарт кісі басын шұлғып.
- Шамасы, Айнұрды білесің ғой деймін.
- Иә, ата, - деді Айнұр. – Біздің класта оқиды. Жақсы бала.
«Жақсы бала» деген сөз Болатқа жағып кетті. Айнұрдың атасы да ризашылықпен бірнеше рет басын изеді. Болат ұзап бара жатып естіді, атасы Айнұрға:
- Шынында да, жақсы бала екен, - деп жатыр.
«Жақсы бала» деген сөзді естігенде, беті дуылдап кетті.
Болат демалыс күні тәтесінің үйінде қонақта болды. Сосон тәтесінің баласы екеуі паркке барды. Қыдырды. Балмұздақ алып жеді.Сөйтіп, енді үйлеріне қайтып келе жатқан.Кенет Айнұгға кездесіп қалғаны.
Айнұр қасындағы кісінің қолынан ұстап алыпты. Ал қарт кісі таяғының ұшымен жерді сипалап келеді. Болат бірден «Мәссаған, мына кісінің көзі көрмейді екн ғой»,-деп ойлады.
Болатқа енді Айнұр әп-әдемі болып көрінді.Қасында тұра баргісі бар. Бірақ бір түрлі қысылатын сияқты.
-Сен паркке жиі келесің бе?
Болат басын шайқады.
-Ал мен үнемі осында келемін.
-Неге?-деп Болат таң қалды.
-Атам жалғыз өзі үйде отырып жалығады. Мен сабақтан келгесін, екеуіміз серуенге шығамыз,-деді Айнұр.
«Қарай гөр. Өз атасы болмаса да, күнде серуенге алып шығады. Есіне ауылда апасы бір жаққа жұмсаса, кейде тыңдамай қашып кететіні түсті.
Кетерінде:
-Ата сау болыңыз!- деп қоштасты. Ұзаңқырап барып артына қарап еді, Айнұр мен қарт кісі қол ұстасып, әрі қарай кетіп барады екен»
Ескерту. Оқушыға тапсырма ергенде мұғалімге жеңіл тию үшін (бірақ оқушыға көмегі жоқ) дұрыс мәтінді ұсынамыз. Балалар композициялық бөліктерді ойдағыдай құрастыра алмаған жағдайда ғана мұғалім осы дұрыс мәтінді оқиды. Сонымен, әңгіменің композициялық бөліктерінің орналасу реті:
Тақырып: Жақсы бала.
«Болат демалыс күні тәтесінің үйінде қонақта болды.Сосын тәтесінің баласы екеуі паркке барды. Қыдырды. Балмұздақ алып жеді. Сөйтіп, енді үйлеріне қайтып келе жатқан.
Айнұр қасындағы кісінің қолынан ұстап алыпты. Ал қарт кісі таяғының ұшымен жерді сипалап келеді. Болат бірден: «Мәссаған, мына кісінің көзі көрмейді екен ғой,» - деп ойлады.
Айнұр мен қарт орындыққа келіп отырды. Болат олардың жанына таяды. Айнұр оған жымиып күліп қойды.
Ақыры Болат:
- Атаң ба? – деп сұрады қартты иегімен нұсқап.
- Иә, көрші тұрамыз, - деп, Айнұр басын изеді.
Болат Айнұрдың «көрші тұрамыз» деген сөзіне қайран қалды. «Біреудің атасын «менің атам» дейді. Қызық».
Осы кезде қария:
- Бұл қай бала? – деп құлағын тосты.
Болат сасып қалып:
- Ассалаумағалейкум, ата, - деді дауыстап.
- Аман бол, балам. Көп жаса! – деді қарт кісі басын шұлғып. – Шамасы Айнұрды білесің ғой деймін.
- Иә, ата, - деді Айнұр. – Біздің класта оқиды. Жақсы бала.
«Жақсы бала» деген сөз Болатқа жағып кетті.
- Сен паркке жиі келесің бе?
Болат басын шайқады.
- Ал мен үнемі осында келемін.
- Неге? – деп Болат таң қалды.
- Атам жалғыз өзі үйде отырып жолығады.. Мен сабақтан келгесін, екеуміз серуенге шығамыз, - деді Айнұр.
«Қарай гөр. Өз атасы болмаса да, күнде серуенге алып шығады». Есіне ауылда апасы бір жаққа жұмсаса, кейде тыңдамай қашып кететіні түсті.
Болатқа енді Айнұр әп-әдемі болып көрінеді. Қасында тұра бергісі келеді. Бірақ бір түрлі қысылатын сияқты.
Кетерінде:
- Ата, сау болыңыз! – деп қоштасты.
Айнұрдың атасы да ризашылықпен бірнеше рет басын изеді.
Ұзап бара жатып естіді, атасы Айнұрға:
- Шынында да, жақсы екен, - деп жатыр.
«Жақсы бала» деген сөзді естігенде, беті буылдап кетті.
Ұзаңқырап барып артына қарап еді, Айнұр мен қарт кісі қол ұстасып, әрі қарай кетіп барады екен».

«Лимерик» ойыны. Ол ойынды ойлап тапқан – Эдвард Лир деген ағылшын. Ойының шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс – бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақта – қимыл – әрекет, оқиға, бесінші – оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы. Мысалы:
Болыпты бір пенде
Өзі аңғал, әпенде
Түбі тесік шелекпен
Су тасыпты ұзақ күн
Әй, жарымес әпенде! Кейіпкер
мінездеме


оқиға
автордың көзқарасы

а) Оқушылардың мәтіннің көркемдігін арттыруға, тілдік форма іздеуге, тілдік құралдарды сұрыптап ала білуге дағдыландыратын жаттығулар.
Жаттығу. Шарты: мына шағын мәтіннің ішіндегі сөйлемдердің соңындағы етістіктердің /-ты/-ды/, т.б. формаларын өзгерту, мүмкіндігінше, баяндауыштарды етістіктен басқа сөз табынан жасау. Тілдік формаларды өзгерту мәтін мағынасына нұсқан келтірмесін.
Мәтіннің алғашқы нұсқасы:
Екі соқа.
Бір заводтан екі соқа қатар істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Егінші онымен жер жырта бастады. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Арада бірнеше ай уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды.Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жалтырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып, қарайып кетке...
Оқушы өзгерткен нұсқасы (үлгі – мұғалімдікі)
Екі соқа.
Мыналар – бір зауыттан шыққан екі соқа. Біреуі қазір егіншінің қолында. Егінші онымен жер жыртпақшы. Ал екінші соқа еш қимылсыз, сол жерде жатқан күйі. Міне, арада бірнеше ай уақыт өткен кездесудегі екі соқаның жағдайы: жұмыс істеген соқа күмістей аппақ, жап – жылтыр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басқан. Қара ала...
в) Лингвистикалық ойындар
«Балта» деген сөздің құрамындағы бес дыбыстан 8 зат есім жасау.
Бал
ата
аба
Балта таба
тал
бала
ала
ат (жылқы)



Осы жерде мұғалім «ала» және «оба» деген сөздерге түсінік беруі шарт. «Ала» деген сөз түркі тілдерінде заттың түсін ғана емес, заттық ұғымның өзін де білдіретін («ат», жылқы, жүйрік ат), «аба» деген сөз «апа», «ене», «әке» (әр түрлі түркі тілдерінеде) деген ұғымдарды білдіретінін айта кетеді.
Г) Тақырыптық ойын жаттығулар
Бұл жаттығулардың түрлері қазақ тіл білімімен (жоғары сыныптарда) белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін беріледі. Айталық, оқушы фразеологизм туралы ұсынған жөн.
1.Мына фразалардың қайсысы қай дәуірге және кімнің поэтикалық сөз қолданысына тән? (Оқушы сөз тіркестерінің шығу төркіні жөнінде зерттеу жүргізеді).
Қу тілмен қулық сату – (Абай)
Үшкілсіз көйлек кию – (Бұхар)
Қорамсаққа қол салу – (батырлар жырының стилі)
«Өмір сүру», «өмір кешу» деген қалыпты фразаны эмоциялық әсер беретін фразаға, поэтикалық образға айналдыру.


Оқушы жауабы:
Өмір тонын кию,
Өмірдің өріне шығу.
Өмір тауқыметін тарту,
Өмірдің ауыртпалығын көтеру.

Сонымен, жоғарыдағы сұрау – тапсырмаларды, ойын – жаттығуларды топтап берудегі мақсатымыз –шығармашылық тапсырмалар жүйесін құру, оны оқушыға ұсыну ерекшелігімен таныстыру және тіл дамытуды жүргізуде жаңа мазмұн, форма іздей отырып, қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту жолдарын қарастыру.

«Қалалар» ойыны.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.
С З Ы Л А Е У А Т
Қ Ы П А Р Д А Н А
А Р А В А Қ Т А Р
О Р Ғ Л О Д С Т А
Л А А П Д Ы А Р З


«Жалғасын тап» ойыны
Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.
А) Ердің сыншысы бітеді
Ә) Жақсы болсаң, жүректе
Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан
В) Жері байдың ел
Г) Ақыл ОС, ардақты ат,
Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп
Д) Мал баққанға сол тоқ
Е) Адам деген- елі бай
«Бәйге» ойыны.
Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.
Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз құрамына не жатады?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Қосымша дегеніміз не?
5. Жұрнақ дегеніміз не?
6. Жалғау дегеніміз не?
7. Түбірлес сөз дегеніміз не?
8. Туынды сөз дегеніміз не?
9. Көптік жалғаулары?
«Тапқыш» ойыны.
Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.
Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.
Қ Ы Б Е С О Қ Ы
А Й Д Ы І Ш К Д
Л С Ы Н Д Ы Ө Ы
А А Р Ы П П К С
Ж А З Б И І К Н
Қ Т А Й С Е Г І
О Қ Р Ә П К Е З
Н А А Т Ы Р Н А
Зат есім : қонақ, …
Етістік: оқыды, …
Сан есім: он,…
Сын есім: көк,….
«Кім тез?» ойыны.
Интерактивті тақтадан суреттер көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрып, буын санын айтады.

«Қатесін тап» ойыны.
А) Материалды түсіндіру барысында мұғалім әдейі қате жібереді. Оқушылар сол арада мұғалімнің қателескенін шартты белгі арқылы ескертеді.
Б) Оқушыға әдейі жіберілген қателері бар мәтін беріліп, өзін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік беріледі.

«Әңгімені аяқта» ойыны.
Берілген сөйлеммен аяқталатындай етіп, әңгіме құрау.
«… Осы оқиғадан кейін біз бір-бірімізге өтірік айтпауға уәде бердік».
«… Арада қанша жыл өтсе де, Қожа сол оқиғаны ойынан шығара алмады».

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны.
Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (Е,Б,Ә)
1. Сен бүгін нешеде тұрдың?
2. Сен қандай үйірмеге барасың?
3. Демалыста қайда барасың?
4. Сабақ нешеде басталады?

«Ойлан, тап» ойыны.
Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу
1. Шай қайнатым уақыт
2. Аяқ астынан
3. Кірпік қаққанша
«Кім тапқыр» ойыны.
Суреттерді жасырып, соның белгілерін айту арқылы не жасырылғанын табу

«Бұл қай есімдіктер» логикалық ойыны.
1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің түрі (біз)
2. Басқасының бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды (сұрау есімдігі)
«Сөз жарысы» ойыны.
Берілген сөздердің орысша, ағылшынша аудармасын табу

«Тізбек» ойыны.
Берілген сөздің соңғы дыбысынан басталатын жаңа бір сөз тауып айту

“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? Не? Қандай? Деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. Әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

“ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР
«Жоғарыда- төменде»
Кім биік? Кім аласа? Жаттығуы
Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген
Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі. Беті жабық қорапта
Жаттығудың мазмұны:
Бала қораптан қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын
Бұл жаттығу «жоғарыда- төменде», «биік-аласа» ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар

«Дүкен»
Ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін береді.

«Дабыл соғу» жаттығуы
Керекті материалдар. Бірден төртке дейінгі нәрсенің суреті салынған
Жаттығудың мазмұны. Мұғалім дабыл соғады немесе үстелді тақылдатады. Балалар
Мысалы: «сіз үш рет соқтыңыз, ал менің топтамамда үш

«Кім алғыр?»
Қолданылатын көрнекіліктер: (+ - =) таңбалы 10 көлеміндегі сандар.
Ойынның барысы:
Оқушының қолдарына сандармен таңбалар үлестіріп беріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргендер
Ойын барысында: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын

«Сенде осынша көрсет»
Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап,
Керекті материалдар: Фигуралардың ою- таңбалардың суреті салынған топтамалар бала
Ойынның мазмұны:
І вариант. Мұғалім топтаманы көрсетеді де алып қояды. Алалар
ІІ вариант. Мұғалім бірнеше рет алақанын (барабан, дабыл)

«Өз жұбыңды тап» ойыны
Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін
Керекті материалдар: Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға
Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар
Ескерту: ойын бастаушы алақанын қарсы команда балаларының топтамалардағы санға

«Өз пәтеріңе жайғас»
Мақсаты: Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді таба білу.\
Керекті материалдар: бетіне дөңгелектер сызылған (үлкен форматты) топтамалар.
Ойынның мазмұны: Мұғалім сыныптың бұрышына топтамаларды іледі.
Балалар жеңімпаз «пәтерді» анықтайды.
Балалардың санына қарай «пәтердің» санын лайықтап алуға болады.

«Ұқсасын тап»
Мұғалім балаларға зат көрсетеді, балалар алдарыңдағы геометриялық фигураларды

«Көп-аз, бір»
Ойынға қажетті материалдар: Үлестірмелі заттар немесе суретті
Ойынның барысы: Әр оқушыда он-оннан топтамалар және бұл ойында керісінше
«бір», «аз», «көп» деп айта отырып ойнатуға болады.

«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»
І вариант.
Балалар дөңгелене тұрады. Ортасында тұрған мұғалім мысалы: «қалт етпей
ІІ вариант.
Балалар екі командаға бөлініп 2 жаққа тұрады да допты

«Доп лақтыру»
Көрнекілік: Доп Ойынның барысы: Мұғалім допты лақтырып немесе

«Бірде бір» ойыны
Тақта алдында 10 оқушы шығып қатар тұрады. Ең бірінші

«Поезд құрастыр» ойыны
Қолданылатын көрнекіліктер: 1-ді қосу кесетіснде берілген топтамалар: 0+1,1+1,
Ойынның барысы: Мұғалім топтамаларды оқушыларға таратып
Ойынның мақсаты: 1- қосу кестесін қайталату.

«Өз орныңды тап» ойыны
Бұл ойынды 10-ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан
Ойынның мақсаты: алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгісін,

«Қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойыны
Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипап
Керекті материалдар: Әрбір балаға ішіне шошқа жаңғақ,
Ойынның мазмұны: Мұғалім балаларға қолдың саусақтарымен
Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаз

«Үй тұрғызайық» ойыны
Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен –кішілігі бойынша салыстыруды,
Керекті материалдар: Әрбір бала үлкен-кішілі үйдің бөлшектері (төбесі, есігі,
Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады. Балаға тапсырма
Ойынның мазмұны: Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт

«Сипаттамасы бойынша тап» ойыны
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа және т.с.с ұғымдарды
Керекті материалдар: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі секілді

«Ақсүйек- көксерек» ойыны. Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады.

«Бәйге» ойыны. Екі топқа да, әр оқушыға жеке-жеке есептер беріліеді. Қай топ дұрыс, әрі бірінші шешеді?

«Қазақша күрес» ойыны.
Бұл жерде екі топтың ең мықты екі оқушысы шығып тақтада мәселе есептер шығарады. Қай топ бірінші болса, женіс сонда.

«Қарлы кесек»ойынын өз бетімен оқу материалдарында қолдануға болады (егер бір тақырыпқа енген бөлім өз бетімен жұмыс жасау туралы болса). Алынған ақпаратты бекіту кезінде (практикалық жұмыстардын орындалуы), жобаларды дайындау кезінде және т.б[6]

Рөлдік ойын «Аквариум техникасы»
Сынып 4-5 топқа бөлінеді де шеңбер немесе квадрат бойынша орналасады. Мұғалім жалпы бір мәселені ұсынады, оны әр топ талқылайды. Әр топ өзара пікірлескеннен кейін, сыныптың ортасында әрбір команда уәкілдері жиналып өз топтарының пікірін айтып және қорғап, сұрақтарға жауап береді.

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1-нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2-нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

«Біреуі артық» дидактикалық ойын
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.
2-нұсқа.
Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді.
3-нұсқа.
Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады

«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Мазмұны.
Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.

«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны.
Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.

«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.
- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.
Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.
- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).
Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:
- Қонжықтар нешеу?

«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. №
Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды.
2-нұсқа.
1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.
- Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).
3-нұсқа.
2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны №
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.
Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.
- Не үшін сары карточка әкелді?
Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.
Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны
- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
- Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.
- Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.
- Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады).
- Сендер оларды таба аласыңдар ма?

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны
(2-сабақтың нұсқасын қараңыз).
- Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?
- Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр?
- Кім Буратинодан алыс отыр?
- Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр?
- Кім Карабас-Барабастан алыс отыр?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
- Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?

«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны №
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.
Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды.
Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.
- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы.
Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.

«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.
- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.
- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.
- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?
- Аңдардың қайсысы артық? Неге?
Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.

«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.
Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген.
Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды.
- Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет).
- Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір.
- Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер.
Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады.
-Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?

«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны.
Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту.
Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.
- Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады?
- Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.

«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.
Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.
Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.
- Айболитке емделу үшін қанша аң келді?
- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша?
- Қане, тексеріп көрейік (санайды).
- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).
- Кім бірінші? Кім екінші?
- Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...)
- Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер.
- Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты.
- Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді?
Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді

«Не өзгерді» ойыны
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.

«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.
1-нұсқа.
Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.
Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.
2-нұсқа.
Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.
Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.
- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).

«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны №
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын
Қапшықта геометриялық пішіндер:
Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.
4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді.
«Жеті» - көсеу баяғы,
Жалғыз оның аяғы.
7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.

«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету.
Ойынның мазмұны.
Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.

Сөздік ойыны
1-нұсқа.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).
Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).
2-нұсқа. (көлем туралы).
Бұта аласа, ал ағаш...(биік).
Бұлақ тар, өзен...(кең).
Тәулік бөліктері туралы.
- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.
- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.
- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.
- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.
- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.

«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.

«Не жоқ?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.

«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.
Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны
Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка.
- Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады).
- Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?
- Оларды өз орындарына қойыңдар.
Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды.
Түнде аяз күшейіп,
Күндіз тамшы тамады.
Күн білінбей ұзару,
Бұл қай кезде болады?
(Ақпан)
- Ақпан айы қай айдан кейін болады?
- Қыс айларын атаңдар.
Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны
Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды.
Логикалық есеп
• Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
• Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
• Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
• Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.
(14 * 6)*10=10
Логикалық ойын
1.Екі сиырдың мүйізі қанша?
2.Бір мысықтың аяғы қанша?
3.Бес қойдың басы нешеу?
4.Үш адамның қолы нешеу?
Сергіту сәті
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Санамақтар
Тауық, жөнін тауып,
Он жұмыртқа басты,
Өэдерінше мықты
Төрт балапан шықты
Қанша қалғанын
Есептей алмай отырмын.
Он екі үйрек көріп ем,
Үшеуі ұшып кетті
Төртеуі суға түсіп кетті
Айтпауға сөз қалмады.
Қаншасы орнынан қозғалмады?

Үш алманы бақтағы
Кірпі алып жинады
Ең әдемі біреуін
Ақ тиінге сыйлады.
Ыдыстағы алманың
Санап көрші қалғанын

Әріптердің құпиясы
Кестенің көмегімен жасырын сөйлемді оқы.
САҚНМДПОЛРБЖ
О – ел
Н – Қазақстанның
Д – құдіретті
Ж – жатыр
А – әлемдегі
Л – бірлігінде
Б – татулығында
Р – ұлт
М – бүгінгі
Қ – жаңа
С – Жаңа
П – күші

МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР
Үш гүл
Әуеннің көңіл күйін ажыратып білу қабілетін дамытуға арналғандидактикалық ойын.
Ойын құралдары
Көрнекілік:картоннан жасалынған үш гүл (гүлдің ортасында көңілді, көңілсіз және ұйықтап жатқан «тұлғаның» суреті салынған), әуеннің үш көңіл күйін көрсетіп жатады.
1. Жәй әуен, Көңілсіз әуен, Көңілді әуен
Гүлдердің орына үш күннің көзін немесе үш бұлтты істеп алуға болады.
Таратылатыны: Әр балаға әуеннің көңіл күйін білдірітен бір гүлден беріледі.
ОЙЫН ШАРТЫ
1. Музыка жетекшісі музыкалық шығарманы ойнайды. Бір бала шығып әуеннің көңіл күйіне сай гүлді алып шығады. Егер де балаға музыкалық шығарма таныс болса, ол бала шығарманы атын және де композиторын атайды.
2. Әр баланың алдында үш гүл жатады. Музыка жетекшісі музыкалық шығараманы ойнайды да балалар әуеннің көңіл күйін ажыратып әуенге сай гүлді алып шығады.
Сиқырлы текше
Мақсаты: Текшедегі аңдардың дауысын келтіріп, тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.
Ойын шарты: Көңілді қиын емес әуен ойналады. Педагог және балалар шеңберге тұрады. Текшені бір біріне қолдарына беріп, тақпақ айтады.
– Алма кепті домалап,
– Көше бойын аралап.
– Кім алманы табады,
– Сол ойыннан шығады.
Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Педагог текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды.

КҮННІҢ КӨЗІ ЖӘНЕ БҰЛТ
Ойын шарты:Балалар пьесаны тыңдайды. Пьесаның мазмұны көңілді болса - күннің көзін шығарады, көңілсіз болса - бұлтты, ал жәйғана орташа болса - күннің көзімен бұлт арласқан карточканы шығарады. Балалар жауаптың дұрыстығын өздері бағалайды.

МУЗЫКАЛЫҚ ҮЙШІК
Педагог үйшікті көрсетіп, онда әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұратынын айтады.
Ойын шарты:Педагог жабылғыштың артында тұрып музыкалық аспапта ойнап әндетеді. Аспан үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың сәйкесін алып, үйдің бір бос әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер талың жабылуы керек.
Мақсаты:Аспаптардың тембрін ажырата білу.

АҢШЫ ЖӘНЕ ҚОЯНДАР
Ойын шарты: Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып, немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" - деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.

ЫРҒАҚТЫҚ ЛОТО
Нотаның ұзындығын ажырату.
Ойын шарты:Көрнекті құралға орнатылған ноталар бойынша, қай кезде қысқа, қай кезде ұзын нота келетінін ажыратып, сол әуенді шапалақпен орындап беру.

ҚАТТЫ ЖӘНЕ АҚЫРЫН ӘУЕН
Ойын шарты:Пьеса ойналады. Балалар оның көңілді, ойнақы мінезін анықтайды. Осы пьесада музыка қалай өзгергенін айтады. (қатайды ма?, ақырындады ма?) Пьеса қайта ойнағанда осы көрнекті құрал арңылы музыканың мінезінің өзгерісін, яғни музыка баяу болса ашық түсті төртбұрыштыны, біраз қаттырақ болса, - қоюлау боялған төртбұрыштыны қояды. Балалар тапсырманың дұрыс орындалуын бағалап, қателік болса түзетеді

Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойын.
Менің балаларым қайда?
Ойын шарты: Музыка жетекшісі балаларға карточкада тауық, үйрек, күрке тауық, ит, мысық аналарын т.б көрсетеді, ал балалардың қолдарында кіші карточка (балалары) музыка жетекшісі әндетіп балалардан сұрайды, балалар әуенді танып не туралы айтылғанын ұғып керек карточканы көрсетеді.

Сылдырмақ
Ойын шарты: Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.

Аю мен құс
Ойын шарты: Музыкалық баспалдақ, ән күй жетекшісі күйсандықта балапанның, аюдың әндерін ойнайды, ал балалар музыканы тындап, ойлап тауып музыкалық баспалдаққа, жоғары баспалдаққа- балапан, ал төменгі-аю дұрыс қоюлары керек.


Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар
Біздің саяхат
Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз
1. Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;
2. Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;
3. Айгерім допты алып жерге соға бастады;
4. Балалар тез секірді;
Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды.(осы қимылдардыңбарлығын ән-күй жетекшісі музыкалық балғамен ойнайды.

Қатты және ақырын ән
Ойын шарты: Топтан бір бал ортаға шығады.Қалған балалар ойыншықты залдың бір жеріне тығып қоюға кіріседі.Тандалған бала шығып ойыншықты іздей бастайды, балалар егерде қатты әндетсе, соғырлұм ойыншық жақын жерде, ал егерде балалар ақырын әндетсе ойыншық алыста дегенді білдіреді.
Тандалған бала омыны пайдалана отырып, ойыншықты тауып алуы керек.

«Музыкалық текше»
Ойын шарты:
Ән- күй жетекшісі:
Текше кетті айнала
Бере ғой сен досыңа
Текше саған тоқтаса
Сал өнерді ортаға – деп әндетеді, ал балалалар шеңберде тұрып бір-біріне текшені жібереді, ән аяқталған кезде қай балаға текше келіп тоқтайды, сол бала ортаға өз өнерін салады.

«Музыкалық балға»
Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі балаларға музыкалық балғаны таратады, балаларға карточкадағы көрсетілген ырғақты музыкалық балғамен бірге соғуға ұсынады.

«Қамшы»
Ойын шарты: Балалар шеңібер жасап тұрады, ортаға бір ойыншы шығады, қолында қамшы, музыка сүйемелдеуімен шеңбердің ішінде секіріп жүгіреді, музыка тоқтаған кезде ортадағы ойыншы тоқтап қамшыны екі баланың ортасына қояды, екі бала екі жаққа жүгіріп тез келіп қамшыны алулары керек. Кім тез және жылдам келіп қамшыны алады сол бала ойынды жалғастырады

«Сылдырмақтар» М.Раухвергер
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарындаұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады.

«Көңілді жасырынбақ»
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады, қолдарында орамал.Қуыршақ шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлық балалар қуыршақпен би билейді.Музыка аяқталғаннан соң балалар орамалдың артына тығылады, ал қуыршақ балаларды іздейді.Келесіде үйшіктен петрушка шығып балаларды биге үйретіп, өзі де бірге билейді.

«Қояндар» орыс халық әні
Ойын шарты: Балалар орындарында отырады,ән-күй жетекшісі ойыншық қоянмен, әндетіп, бір балаға жақындайды.Қоян ән жетекшісі атаған баланың жанына келіп жақындайды.Әннен кейін бала қоянды қорқытып қуады.Қоян тез келіп баланың орнына отырып алуы керек.Үлгермеген бала ән немесе би билейді.
2-нұсқасы.
Ойын шарты:Балалар көз алдарына серуенді елестетеді, ән – күй жетекшісі мына жерде кішкене қояндар тұрады – дейді.Ал олар мында не істеп жүр екен?Оны сендер өздерің шешесіңдер.
Ән-күй жетекшісі үнтаспада (бесік жыры, полька, т.б әуендерді қояды, ал топтан бір бала шығып керек карточканы үйшікке орналастырады.

«Қуыршақтар ұйықтайды және билейді»
Ойын шарты:Ортаға ән-күй жетекшісі қуыршақты шығарады, қуыршақ балалармен би билейді, егерде қуыршақ ұйықтап қалса балалар қуыршақпен бірге ұйықтап қалады.

«Музыкалық қапшық»
Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі балаларға музыкалық қапшықты алып келеді.Ол қапшықтың ішінде музыкалық аспаптар, ән-күй жетекшісі сол аспаптарда кезек-кезек ойнап балаларға үндерін естіртеді, ал балалар қандай аспаптың үні екенін ойлап табулары керек.

Категория: 4-сынып | Добавил: zv (13.09.2015)
2642Просмотров: 2642 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх