Главная » Статьи » Биология » 8-сынып

Тістің құрылысы мен күтімі 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тістің құрылысы мен күтімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Тістің құрылысы, тістің эволюциясы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту, тісті күту, тіс ауруларының алдын алутуралы түсінік беру.
Тәрбиелік – Тістеріне күтім жасай білуге үйрету, гигиеналық тәрбие беру.
Дамытушылық – Пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.
Құрал-жабдықтар: Тіс құрылысының плакаты, тістің муляжы, тірек-сызбалар, қосымша әдебиеттер.
Сабақ типі: Аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабақта жоқ рқушыларды белгілеу.
Жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту. Жұмбақтар шешу. (2 мин.)
1.Алты, жеті жастан,
Қорған салдың тастан.
Отыз екі маржан тіс,
Ол қорғанды жасаған.
Соны күткен әрбір жас,
Ұзақ өмір жасаған. (тіс )
2.Өзіңде бар, басқалармен ортақтаса аласың,
Бірақ басқаларға бере алмайсың. (күлкі )
3.Бер жағында қақпа бар,
Қақпа ашылса қараңдар.
Ар жағында қамал бар,
Ақ мәрмәрдан қаланған. (тіс )
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Ой шақыру
Тіс дегенде қандай ой келеді? Тіс туралы негізгі ойларыңызды дәптерге түсіріңіздер. (Жеке жұмыс)
Жұптасып негізгі ойларыңызды толықтырып, қағазға түсіріңіздер.
Сөйлеу құралы 6-9 айда қүрек тіс сүт тіс
Азу тіс түбірі барлығы 32 тіс
Дыбыс шығарады 2 жасқа дейін 20 тіс
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, түсініктерін қағазға түсіреді. (Жеке жұмыс 10 мин.)
2.Қарама- қарсы элементтер стратегиясы.
Ауру тіс.
1.Жаңғақты шағу
2.Ыстық тамақ
3.Суық тамақ
4.Тісті түйреуішпен, инемен шұқу.
5.Микробтың жиналатын орны
6.Жүрекке, буынға, бүйрекке әсер етеді.
Сау тіс
1.Тісті жиі тазалау
2.Көкөністермен жемістерді жуып жеу
3.Тәттіні аз жеу
4.Тіс дәрігеріне тексеріліп отыру
5.Тіс щеткасын ауыстырып отыру
3. «Әдемі күлкі станциясы» ойыны. Плакатқа ұзын пойыз жолы салынады. Сол жолмен оқушылар пойызға отырып станцияға жету керек. Жолда кедергілер болады. Яғни, жолдың әр жерінде сұрақтар іліп тұрады. Соған оқушылар жауап беру арқылы станцияға жетеді. (5 мин.)
4. Суретпен жұмыс
Төмендегі суреттерді тіс жегісінің даму ретіне келетіндей етіп, 1,2,3 деп нөмірлеңіз: 1- кіреукеге қышқылдар әсер етеді.2-қуыс пайда болады.3-тіс жегісі жойыла бастайды.
5.Мақал – мәтелдер сайысы. (Кім денсаулық, тіс туралы мақал-мәтелді көп біледі?)
1.Денсаулық-зор байлық
2.Ас-адамның арқауы
3.Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді
4.Апыл-ғұпыл ішкен ас,
Асқазанға түскен ас.
5.Дені саудың-жаны сау.
6.Әдемі тісің-шұрайлы түсің.
7.Жаман ауруды жақсы ас әкетеді.
ІІІ. Сабақты бекіту.
Эссе жазу.
Тісті қалай күтуге болады? Әр оқушы өз жазғандарын оқиды.
ІV. Қорытынды: Балалар, тіс дәрігеріне үнемі қаралап тұрыңыздар. Жапонияда 80 жасқа дейін әр адамда 20 бүтін тіс болуы шарт, ол ұшін алдымен тіс щеткасын таңдай білуе ерекше мән беру керек. Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау-ұзақ өмірдің кепілі.
V. Үй тапсырмасы: 43 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІ. Бағалау
Категория: 8-сынып | Добавил: Gauhar (15.01.2015) | GauharАвтор: Кунанбаева Гаухар Жанатовна
1417Просмотров: 1417 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх