[ Добавить материал ]

6-сынып. Қазақ тілі. Зат есім ҚМЖ
23.04.2015, 00:21

3  апта

4  күн

3  сабақ

Сабақтың тақырыбы

Зат есім

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

 

 

1.Зат есім және сұрағы  туралы мағлұмат беру;

2.Теориялық білімдерін арттыру, тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға үйрету;

3.Тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикамен ұштастыру.

Күтілетін нәтиже

1.Зат есім және оның сұрақтары туралы мағлұмат алады;

2.Теориялық білімдері артады, тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға үйренеді;

3.Тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикамен ұштастырады.

Негізгі идеялар

Зат есімге кім? не? кімі? несі? кімім? нем? кімің? нең? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздер, яғни, барлық айналаны қоршаған ортадағы зат, құбылыс атауы боп танылатын сөздер енеді.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс    

Тапсырмалар

 

Жұптық жұмыс

Тапсырмалар

Жеке жұмыс .

 

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері

«ББҮ» әдісі

«Сәйкестендір»

 «Блум таксономиясы»

Құрал-жабдықтар

Бағалау парақшалары, оқулық , стикер, АКТ.

                                                         Жүргізілетін жұмыстарым

I.Ұйымдастыру кезеңі:

(3 минут)

 

 

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

(3 минут)

 

 

 

 

 

ІІІ.Тұсаукесер

(6 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.Жаңа сабақ

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Сабақты бекіту

 

3 минут      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІ.Қорытынды

(10 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ. Үйге тапсырма

(2 минут)

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,назарын сабаққа аудару

Топты «Мен, Сен, Ол» ойыны арқылы 3 топқа бөлемін.

І топ: «Мен»

ІІ топ: «Сен»

ІІІ топ: «Ол»

 

Тіркесті сөздер. 97-жаттығуды тексеру.

Мәнерлеп сырғанау, мәңгілік алау, салауатты өмір салты, саяси ахуал, ілеспе аударма тіркесті сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру.

Оқушыларға  «Мадақтау»  жылы шырай білдіру.

«Өте тамаша, керемет,жарайсың, ... деген сөздерді айту арқылы бағалау.

      Қасқыр, тал, адам суреттерін 3 топқа бөліп беремін.

1-топқа: «Қасқыр», (адам, тал)

2-топқа: «Адам», (қасқыр, тал)

3-топқа: «Тал», (адам, қасқыр)

   Оқушылар таратылған сурет бойынша өз ойларын жеткізеді. Содан кейін,

3 суретті де 3 топқа таратып беремін де,  «Қайсысының табиғатқа ықпалы күшті? »  деген сұрақ арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлатамын. 

Оқушылар таратылған суреттерге ереже шығарады.

Мысалы: Адам кім? Қасқыр не? Тал не? деген сұрақтарға жауап береді.  Бұлар заттың атаулары.

Жетек сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың ережесін шағаруға ықпал етемін.

1.Бұлар қандай сұрақтарға жауап беріп тұр? (кім?не?)

2.Бұлар жалпы заттың атауын білдіріп тұр ма? (иә, себебі Кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады)

 

Олай болса, бүгінгі сабағымызтың тақырыбы сөз табының бір түрі  – зат есіммен танысамыз.

 

Жеке жұмыс: Интеактивті тақтадан суреттер ( адам (оқушы), Алатау, кітап, су) көрсету арқылы оқушыларға «ББҮ әдісі» арқылы кесте толтырту.

 

Б-білемін

Б-білгім келеді

Ү-Үйрендім

Атау септігінде тұрады.

Кім ? Не ? сұрағына жауап береді.

Дара және күрделі деген түрлері бар.

Мағыналық түрлерін

Сөйлемде атқаратын қызметін және түрленуін.

Зат есім ережесін

Зат есімнің мағыналық түрлерін

 

 

Топтық жұмыс:

Оқулықтағы ережені 3 топқа бөліп таратамын. Топтар өзара талқылау жұмыстарын жүргізеді. Әр топтан бір оқушы қорғайды.

Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

 

Топтық жұмыс. (3 минут)

Оқулықпен жұмыс.110-жаттығу. Постерге жаттығуда  берілген сөздерді өз топтарына қарай теріп жазу.Бір бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

І топ: деректі зат есім

ІІ топ: дерексіз зат есім

ІІІ топ: жалқы есім

 

Жұптық жұмыс : « Сәйкестікті білеміз бе?» 

Өздерінің қатесін тақтадағы жауаппен тексереді, яғни топтағы оқушылар жұптасып бір-бірін «Саусақ сигналдары» арқылы  бағалайды.

 

Ережелер

Түрлері

1

Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары

Жалпы есім

 

 

2

Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер

Жалқы есім

 

3

Арнайы берілген есімдер мен атаулар

Деректі зат есім

 

4

Нақтылы тануға болатын зат атаулары.Көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін зат есімдер

Дерексіз зат есім

 

 

 

Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы»

 

Ойлау деңгейі

 

Сұрақтар

Жауаптары

Білу

Зат есімге мысалдар келтіріңіз

 

Түсіну

Зат есімді түсіндіріңіз

 

Қолдану

Зат есімнің сұрақтарын қалай, қандай сөздерге қолданамыз?

 

 

Талдау

Зат есімнің мағыналық түрлерін талдаңыз

 

 

 

 

Жинақтау

Зат есімді қатыстырып «Менің мектебім» тақырыбында шағын эссе жазыңыз

 

 

Бағалау

Зат есімнің тіліміздегі атқаратын рөлі туралы ойыңызды жазыңыз.

 

 

 

 

Кейінгі тапсырмалар: 111-жаттығу. Зат есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін атап беріңдер. Қазақ тілі, 6-сынып.76-бет

Кейінгі оқу: Зат есім. Қазақ тілі, 6-сынып. 75-бет

 

 

Категория: Қазақ тілі | жаным жаным
3957Просмотров: 3957 | Загрузок: 71 | <Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх